НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан.Қорғаныс және қауіпсіздік тақырыптарына байланысты қорытынды жасаған министр Акар террормен күресуде табысты болғанын жеткізді, деп жазады TRT.
Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар осы жыл бойынша мемлекет іші және шекара тысында жүргізілген 200-ден астам операцияда КЖП лаңкестік ұйымына мүше 3 мың 646 террористтің залалсыздандырылғанын білдірді.
Ұлттық қорғаныс министрі Акар басшылығында Бас штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер, Қарулы күштер қолбасшылары және министр орынбасарларының да қатысуымен кеше видеоконференция арқылы жылдық қорытынды жиналысы өткізілді.
Қорғаныс және қауіпсіздік тақырыптарына байланысты қорытынды жасаған министр Акар террормен күресуде табысты болғанын жеткізді.
Акар «Осы жыл бойынша мемлекет ішінде және шекара тысында жиыны 200-ден астам операция жасадық. Жүргізілген табысты операциялардың нәтижесінде мемлекет іші және шекара тысында жиыны 3 мың 646 террорист залалсыздандырылды. Залалсыздандырылған террористтердің ішінде ұйымның ауыз жүзіндегі басшылары да бар. Осылайша 2015 жылы 24 шілдеден осы таңға дейін жүргізілген операцияларда залалсыздандырылған террорист саны 30 мың 416 болды» деген сөздер қолданды.
Министр Акар террормен күресудің табандылықпен жалғасқанын атап өтті.