НҰР-СҰЛТАН, 04 қаңтар. Алжирден келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Алжир астанасына жақын таулы аймақта төрт лаңкес өлтірілді, Алжирдің терроризмге қарсы күштерінің екі сарбазы қаза тапты. Бұл туралы елдің қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі жазады .
Мәлімдемеде сенбі күні Алжирден батысқа қарай 65 шақырым жердегі таулы аймақта Алжирдің терроризмге қарсы күштері мен бір топ лаңкестер арасында атыс болғандығы атап өтілді. Қақтығыс кезінде екі сарбаз қаза болып, төрт лаңкес өлтіріліп, содырлардың қаруы мен оқ-дәрілері тәркіленді.
Соңғы жылдары Алжир лаңкестік әрекеттерге қарсы күресте көп күш жұмсады және ірі қалалардағы қауіпсіздік жағдайы қолайлы болып қала береді. Алайда, «Ислам мемлекеті» * және «Аль-Каида»* экстремистік топтарына ант берген содырлардың бір бөлігі елдің солтүстігіндегі таулы аймақтарда әрекет етуді жалғастыруда.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйымдар