Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркияның оңтүстік-шығысында аса қауіпті лаңкестер залалсыздандырылды

НҰР-СҰЛТАН, 04 қаңтар.  Шырнак провинциясында арнайы операция нәтижесінде бес лаңкестің көзі жойылды, деп хабарлайды Анадолу агенттігі .

Сонымен қатар, Түркияның қауіпсіздік күштерімен Шырнак провинциясындағы Габар тауы аймағында залалсыздандырылған  бес лаңкестің екеуі Түркия ІІМ-нің «сұр тізімінде» болған.

Министрліктің хабарлауынша, лаңкестер Yıldırım-1 операциясының аясында залалсыздандырылды. Операция Шырнак жандармериясының арнайы жасағының қатысуымен өтті.

Залалсыздандырылған содырлардың бірі «Эврим Джембели» лақап атымен белгілі лаңкес  Менидже Озкан болып шықты. Озкан 2018 жылы 6 мамырда Шырнактағы Гючлюконак-Ягызоймак жерінде ұйымдастырылған лаңкестік шабуылға қатысқан.

Ал «Текошин Джуди» лақап атымен белгілі лаңкес Эдибе Кюндюн лаңкестердің азық-түлік, қару-жарақ пен оқ-дәрілерін сақтауға жауапты болды.

Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап PKK содырлары Түркияда қанды қылмыс жасағаннан бастап, 2020 жылдың наурызына дейін 7500 түрік қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері мен 6800 бейбіт тұрғын осы қанды ұйымның қолынан қаза тапқанын айтты.

АҚШ пен Еуропа Одағы PKK-ны лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізді.

Анкараның жағдайды шешу жолдарын іздеуге тырысқанына қарамастан, РКК лаңкестік ұйымы 2015 жылдың шілдесінен бастап қарулы шабуылдарды қайта бастады.

Сирияда РКК лаңкестері PYD және YPG аттарымен жамылып жүр, ал соңғы екі жылда өздерін «Сирия Демократиялық Күштері» деп атады.

Иранда РКК «Күрдістанның еркін өмір партиясы» (PJAK) ретінде әрекет етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *