Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БАҚ: Белгісіздер Америкадағы Капитолий ғимаратына ұшақ бағыттаймыз деп сес көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 06 қаңтар. Нью-Йорк әуежайының бірнеше диспетчері Капитолий ғимаратына ұшақ бағыттап, ирандық генерал Қасем Солеймани үшін кек аламыз деген аудио хабарламалар естігендерін айтты,  деп  CBS News-ке сілтеме жасап zakon.kz хабарлайды.

Хабарламада: «Сәрсенбі күні біз Капитолийге ұшақ бағыттап, соғыламыз. Солеймани үшін кек алынады» , —  делінген.

Қазіргі уақытта бұл хабарламаны кім жібергені белгісіз.

«Үкімет қауіпті орынды деп санамаса да, бұл жайт авиациялық жиіліктер ережелерін бұзу ретінде тергелуде», — делінген телеарна материалда.

Иран Ислам Революциясы Сақшылар корпусының генералы Қасем Солеймани 3 қаңтарда Бағдад әуежайы маңында АҚШ президенті Дональд Трамптың бұйрығы бойынша АҚШ әскери-әуе күштерінің зымыран соққысы кезінде қаза тапты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *