Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Катар астанасында ауғанаралық келіссөздер қайта басталды

НҰР-СҰЛТАН, 08 қаңтар.  Ресми Кабул мен «Талибан» қозғалысының өкілдері келіссөздер процесінің мәнін талқылауға көшті, деп Анадолу агенттігі хабарлайды.

Бейсенбі күні Дохада ауғанаралық келіссөздердің екінші кезеңі басталды.

Келіссөздердің мақсаты Ауғанстандағы ұзақ мерзімді және тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл жолы Катардағы кездесуге қатысушылар мәселенің мазмұны бойынша тікелей келіссөздер жүргізеді.

Үкіметтік делегация өкілі Надыр Надыри журналистерге «Талибан» мен үкіметтік делегация бірқатар мәселелерді талқылауға келіскендерін айтты.

Келіссөздер 2020 жылдың 14 желтоқсанында уақытша тоқтатылған.

Бастапқыда келіссөздердің екінші кезеңін 5 қаңтарда бастау жоспарланған болатын. Алайда үкімет делегациясы Катарға бір күнге кешігіп барды.

Ауғанаралық процесс 2020 жылдың 29 ақпанында АҚШ тәлібтермен бейбіт келісімге келгеннен кейін басталды.

2020 жылдың қыркүйегінде үкіметтік делегация мен «Талибан» Дохада келіссөздердің негіздері мен қағидаларын талқылаған болатын.

Тәлібтер келіссөздер кезінде туындауы мүмкін мәселелерді ханбали фиқхы (доктрина) негізінде шешуді талап етті.

Елдің бірқатар аймақтарында халықтың бұл доктринаны ұстанбауына байланысты Кабул қарсы болды.

Құрама Штаттардың делдалдығымен және тараптардың икемділігінің арқасында ымыраға қол жеткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *