НҰР-СҰЛТАН, 08 қаңтар. 2020 жылдың наурызынан желтоқсан айына дейін өткен «Көкнәр-2020» операциясы кезінде Қырғызстанның құқық қорғау органдары 119 есірткі қылмысын анықтады. Бұл туралы республиканың ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды.
Рейдтер барысында милиция қызметкерлері 224,7 кг жуық есірткі мен прекурсорларды, оның ішінде шамамен 2,3 кг героин, 39 кг гашиш, 76,6 кг-нан астам марихуана, 41,2 кг каннабис, 10 мың димедрол таблеткаларын және сонымен қатар 3,5 кг сынап пен 65 кг күкірт қышқылын тәркіледі.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 16 тегіс ұңғылы мылтық пен келте мылтық, оларға арналған 63 патрон, үш жауынгерлік және екі шулы граната тәркіледі.