НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар. Пәкістанның Белуджистан провинциясындағы лаңкестік шабуыл салдарынан алдын ала мәліметтер бойынша төрт адам жарақат алды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды.
Жарылыс Турбат қаласындағы базар аумағында болды.
Полиция лаңкестердің мақсаты іс жүзінде әскери блокпост болды деп болжайды.
2020 жылы 18 қазанда Турбаттағы лаңкестік әрекет нәтижесінде бір сарбаз қаза тапты.Сол кезде лаңкестер бомбаны әскери блокпостының жанында орнатқан.