Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жамбылдық полицейлер 7 келіден астам есірткі тәркіледі

ТАРАЗ, 12 қаңтар. Жамбылдық полицейлер Шу ауданының тұрғынынан 7 келіден астам есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел- алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының 50 жастағы тұрғынын ұстады, оның үйіндегі ас бөлмесі мен сарайын тінту барысында жалпы салмағы 7 келі 420 грамм кептірілген марихуана табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

– Ұсталған азамат кінәсін мойындады және Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Асқар Жұмабеков.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *