Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Израиль әскери күштері Сирияға әуе шабуылын жасады

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар. Израиль сәрсенбіге қараған түні Сирияның оңтүстік-шығысында әуе шабуылдарын жасады. Бұл туралы ria.ru-ға  сілтеме жасап azattyq-ruhy.kz хабарлайды.

«Израиль Дейр-эз-Зор мен Бокемал қалаларындағы аудандарға шабуыл жасады», — деп хабарлайды жергілікті Ikhbariya телеарнасы.

Sham FM радиостанциясы Дейр-эз-Зор провинциясының батысы мен шығысында бір уақытта бірнеше жарылыс естілгенін хабарлады. Зардап шеккендер туралы әлі ақпарат жоқ.

Еске салайық, Израиль әскери күштері Сирия аумағына бірнеше рет оқ жаудырды. Олар бұл шабуылды заманға сай қару-жарақтың «жау» қолына өтуіне жол бермеу ниетімен жасағанын айтты. Бұл жерде ең алдымен Башар Асадтың жағында соғысатын, Тегеран басқаратын ливандық «Хезболла» қозғалысы туралы айтылып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *