НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар. Малидің Тимбукту аймағына жасалған террор шабуылында БҰҰ Бейбітшілік күшінің 3 қызметкері өлтірілді, 6 әскер жарақат алды, деп TRT хабарлайды.
БҰҰ Мали Көпұлтты интеграциялық қызметі жасаған мәлімдемеде әскерлердің Тимбукту-Дуэнца аумағында шабуылға ұшырағаны жөнінде ақпарат түсті.
Шабуылда БҰҰ Бейбітшілік күшінің 3 қызметкері қаза тауып, 6 әскердің жарақат алғаны білдірілді.
БҰҰ Мали Көпұлтты интеграциялық қызметі басшысы Махмат Салех Аннадиф бейбітшілік күші әскерлерін нысанаға алған шабуылды қатаң түрде айыптады.
Малиде 2013 жылдан бері қызмет атқарған бейбітшілік күші құрамындағы 230 әскердің өлтірілгені білдірілді.