НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Мехр-3» гуманитарлық операциясының келесі кезеңі шеңберінде Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің, Ташкент қалалық ішкі істер бас басқармасының, елорда хокимиятының әріптестерімен бірлесіп Кибрай облысының «Бустон» лагерінен 17 азаматты (үш әйел, 14 кәмелетке толмаған бала, оның ішінде бес жетім баланы) олардың тұрғылықты жері бойынша жіберуді ұйымдастырды, деп Ташкент қалалық ішкі істер бас басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап SPUTNIK Өзбекстан жазады.
Балалы әйелдер Юнусабад, Учтепа және Чиланзар аймақтарындағы ата-аналарына жіберілді. Ата-анасыз қалған балаларды астаналық «Мехрибонлик» үйлеріне орналастырады.
Барлық азаматтарға президенттің сыйлықтары, ал 12 жастан асқан балаларға велосипедтер табысталды.
«Мехр» гуманитарлық операциясы кезінде Өзбекстанға «соғыс аймақтарынан» әйелдер мен балалар қайтарылды. Отанында олар тыныш, бейбіт өмірге оралады, қоғамда өз орнын табады. Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар Оларға белсенді қолдау көрсетеді.
Өткен жылдың соңында ұрыс аймағынан 98 отандасымыз — әйелдер мен балалар — Сириядан Өзбекстанға арнайы рейспен келді.
2019 жылы республика билігі Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстар аймағынан 220 отандастарын, негізінен әйелдер мен балаларды қайтару үшін тағы екі гуманитарлық акцияны өткізді.