Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өскемендегі СЭС-ті «миналаған» әзілқой ұсталды

ӨСКЕМЕН, 14 қағтар. Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны әзілдеп СЭС-ке «мина қойған», деп ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап inbusiness.kz  хабарлайды.

Қаңтардың басында Глубоковский ауданындағы ПБ «102» жедел каналына 56 жастағы азамат хабарласып, танысы Өскемен қаласындағы СЭС-ке мина қойғанын хабарлаған.

Полиция қызметкерлері мен тиісті органдар тез арада оқиға орнын тексеріп шықты.

Оқиға орнына жеткен мамандар жарылғыш құрылғыны анықтай алмады. Хабарлама расталған жоқ.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында екі адам спирттік ішімдік ішіп отырып сөзге келіп қалғаны анықталды. Сөйтіп азаматтардың біріне қылмыстық ой келген. Ойға алған ісін жүзеге асырмақ болған мас адам, іс-әрекетінің маңыздылығын түсінбей құқық қорғау органдарына жалған мәлімдеме жасап хабарласқан», — деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мадиев.

Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 273-бабы бойынша (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *