НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар. «Аль-Каидамен» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) байланысты «Джамағат Наср Аль-Ислам Ва Аль-Муслимин» 2021 жылы 8 қаңтарда Малидегі теракт үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, деп Le Figaro-ға сілтеме жасап REGNUM агенттігі хабарлады.
Журналистердің айтуынша, ұйымның содырлары Францияның Малидегі «Бархан» терроризмге қарсы операциясына қатысқан француз әскерлерінің жаралануы мен бейбіт тұрғындардың өлімі үшін жауапкершілікті өз мойнына алған.
«Ұйым мүшесі Буркина-Фасо шекарасына жақын Арбандтағы Француз басқыншылары мен Мали шапқыншыларына қарсы жарылғыш заттармен толтырылған машинаны жарып жіберді», — делінген содырлардың хабарламасында.