НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар. Новосибирск облысында ерлі-зайыптылардан есірткінің ірі партиясы — екі келіден астам героин тәркіленді. Бұл туралы Ресей ІІМ Новосібір облысы бойынша Бас басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM агенттігі хабарлады.
Есірткі сатумен айналысқан күдіктілерді ұстау операциясын ІІМ Бас басқармасының есірткі полициясы Ресейдің Орталық әскери округ бойынша ФҚҚБ-мен бірге қараша айында өткізді. Новолуговое ауылында тұратын 29 жастағы әйел мен 33 жастағы ер адам тыйым салынған заттарды жасырын орындарға қалдыру (тайник-закладка) арқылы таратқан деп күдіктелді.
Ерлі-зайыптылардан жалпы 2,3 келі заңсыз есірткі заттары, сондай-ақ есірткіні буып-түю үшін пайдаланылған электронды таразы, буып-түю материалы және басқа заттар тәркіленді.
«Аталған факт бойынша Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 30-бабы 3-бөлігінде, 228.1-бабы 5-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», — делінген ведомствоның хабарламасында.