Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Елордадағы тұрғын үйге «бомба орнатқан» күдікті ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар, Нұр-Сұлтандағы көпқабатты үй тұрғындары эвакуацияланды. Ол жерде жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар түскен, деп Sputnik Қазақстан хабарлайды. 

«Тамыз» тұрғын үй кешенінің бір кіреберісінің тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды.

Оқиғаның видеосы мессенджерлерде тарап кетті.

Астаналық полиция департаменті 16 қаңтар сағат 22.03-те кешенде бомба орнатылғаны туралы қоңырау түскенін айтты. Полиция қызметкерлері 60 адамды эвакуациялады. Жарылғыш зат табылған жоқ.

«Күдікті ұсталды. Оның мас болғаны анықталды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады департаментте.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *