Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар. Ауғанстан Ұлттық келісім жоғары кеңесінің төрағасы Абдуллах Абдуллах Катардың бас қаласы Дохада Талибанмен жүргізілген келіссөзде бітім қалайтындарын айтты.Бұл туралы TRT хабарлайды. 

Абдуллах Кабулдағы бір сөзінде Ауғанстанда келіссөз делегациясының Дохада Талибанмен кездесулер жүргізіп жатқанын айтты. Ауғанстан делегациясының басымдығы – атыстың тоқтауы.

«Дохада жалғасып жатқан ауғандар арасы келіссөзде қақтығыстың тоқтауын және бітім жасалуын қалаймыз» деді.

Ол Ауғанстанда бейбітшіліктің орнауы үшін аймақтық және халықаралық ауызбіршілік керектігін атап көрсетті.

Ауғанстан мен Талибан арасындағы келіссөздің екінші сатысы 14 желтоқсан күні үзіліс берілгеннен кейін 6 қаңтарда қайта басталған еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *