НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар. Сомалидің бас қаласы Могадишода бомбалы шабуыл болды. Алғашқы анықтамаларға қарағанда үш кісі қаза тапты, деп TRT хабарлайды.
Шабуылда Гарасбалей аудан әкімінің орынбасары Али Жареренің көлігі нысанаға алынды. Әкім орынбасары мен қасындағы екі кісі қаза тапты.
Жарылыстан кейін аймаққа қауіпсіздік күштері келіп жетті. Шабуыл туралы үкімет ресми хабарлама жарияламады. Шабуылды да ешкім мойнына алмады.
Сомалиде «Аш-Шабаб» лаңкестік ұйымы жиі-жиі қауіпсіздік күштері мен азаматтық елді мекендерге бағыттап шабуыл жасайды.