НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар. 2020 жылы Татарстанда терроризм мен экстремизмге қатысты 28 күдікті ұсталды. Бұл туралы Ресей гвардиясының қорытынды алқасына сілтеме жасай отырып «Татар-информ» АА жазады .
Жалпы алғанда, өткен жылы Ресей гвардияшылары Татарстанда түрлі қылмыстар жасағаны үшін 740 адамды, сондай-ақ елдің әртүрлі аймақтарында іздеу жарияланған 74 қашқын қылмыскерді ұстады. Алты мыңнан астам азаматтар әкімшілік бұзушылықтар үшін ұсталды.
«Сонымен қатар, арнайы жасақтың қызметкерлері өзара іс-қимыл жасайтын органдардың өтініштері бойынша 2 мыңнан астам түрлі тапсырмаларды орындау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті», — деп хабарлады мекемеде.