Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Павлодар облысында есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты

ПАВЛОДАР, 21 қаңтар. Ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары есірткі саудасымен айналысқаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған. Ұйымдасқан қылмыстық топқа сегіз адам кірген, деп Облыстық полиция департаменті  баспасөз қызметіне сілтеме жасап  Pavlodarnews.kz. хабарлайды. 

 Бұрын сотталған 64 жастағы павлодарлық 2019 жылдың шілдесінде сегіз адамнан тұратын қылмыстық топ құрған. Оның бесеуі — ұйымдастырушының туыстары. Топ еліміздің оңтүстік өңірлерінен Павлодарға есірткі жеткізуді ұйымдастырған. Кезекті партияны сатуға әрекет жасаған кезде ҰҚТ қатысушыларын жедел уәкілдер ұстады. ҰҚТ мүшелерінен заңсыз айналымнан 200 килограмм марихуана, аса ірі мөлшердегі гашиш және героин, сондай-ақ «Браунинг» маркалы атыс қаруы тәркіленді, — деді Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қуат Түсіпбеков.

Полиция барлық сегіз адамның аса ірі көлемде есірткі сатқаны, ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оған қатысқаны, сондай-ақ атыс қаруын сақтағаны үшін сот үкімімен 16-18 жылға бас бостандығынан айырылғанын атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *