Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Шу тұрғынынан 17 келіден астам марихуана тұқымы табылды

ШУ, 21 қаңтар. Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру барысында Шу ауданының 44 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғынның үйін тінту барысында жалпы салмағы 10 келі 120 грамм «кептірілген марихуана», 210 грамм «гашиш», сондай-ақ 17 келі 480 грамм марихуана тұқымы салынған 14 пластикалық ыдыс пен қап табылып, тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асқар Жұмабеков тәркіленген 17 келі 480 грамм тұқымнан қылмыскерлер 2 гектарға дейінгі алқапқа марихуана өсіре алатынын атап көрсетті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *