Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бағдад базарындағы шабуылды «Ислам мемлекеті» мойнына алды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар. Ирак астанасында 21 қаңтарда тіркелген шабуылдан кем дегенде 32 адам қаза тауып, 110 адам жараланды. Екі жанкешті адам көп жиналған базарда өзін жарып жіберген. «Ислам мемлекеті» террористік тобы шабуыл жауапкершілігін мойнына алды.Бұл туралы сentralasian.org хабарлайды. 

Билік мәліметі бойынша, жарылыстар Таяран алаңындағы базарда болды. «Ислам мемлекетімен» байланысы бар Amaq жаңалықтар агенттігі telegram-арнасында ұйымның екі мүшесі денесіндегі жарылғышты іске қосқанын хабарлады. Бұл күні базарда адам көп болған.

Жанкештілердің бірі базарға кіріп, жарылғышты іске қосар алдын адамдарды өзіне шақырған, деп хабарлады Ирактың ішкі істер министрлігі. Адамдар жараланғандарға көмектесуге жүгірген уақытта екінші жанкешті жарылғышты іске қосқан, делінген министрлік мәлімдемесінде.

Денсаулық сқатау саласындағы дереккөз шабуыл құрбандары көбеюі мүмкін екенін айтқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *