НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар. Бағдат әуежайына бағытталып үш зымыран атылғаны, қаза болған және жараланған адам болмағаны хабарланды.Бұл туралы TRT жазады.
Иракта Бағдат әуежайына зымыран шабуылы ұйымдастырылды.
Қорғаныс министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда кеше түнде жасалған шабуылда Бағдат әуежайына бағытталып үш зымыран атылғаны, өлген және жараланған адам болмағаны хабарланды.
Атылған зымыранның екеуі әуежайдың маңына түскені, үшінші зымыранның Бағдаттың батысындағы Ел-Джихад көшесіндегі бір азаматтың үйіне түскені, үйдің зақымдалғаны білдірілді.
Зымыран шаубылын әлі ешкім мойнына алған жоқ.