НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар. Ауғанстанда қауіпсіздік күштері мен «Талибан» қозғалысының содырлары арасындағы қақтығыста алты әскери қызметкер жарақат алды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды.
Оқиға елдің солтүстігінде, Балх провинциясының Шөлгере аймағында болды. Содырлар бақылау бекетіне қарулы шабуыл жасады, атыс салдарынан алты сарбаз жарақат алды.
Бес содыр өлтірілді, үшеуі жараланды.
«Талибан» қозғалысы бұл оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.