НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар. АҚШ билігі сенбіге қараған түні Калифорния штатының Лос-Анджелес маңындағы баптисттер храмында болған жарылысты тергеп жатыр. Бұл туралы NBC телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды .
Полиция қызметкерлері шіркеуде қолдан жасалған жарылғыш зат жарылды деп санайды . Ол жерде сондай-ақ вандализм әрекеті жасалды. Белгісіз біреулер ғимараттың қабырғаларына қорлайтын мазмұндағы жазулар жазған.
Жарылыстан кейін оқиға орнында өрт басталды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Шіркеу ішін Саперлер тексерді. Тергеуге АҚШ ФТБ қатысады.