НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар. Магадишода экс-депутат Хасан Афрахтың көлігінің бағытында жарылғыш зат іске қосылды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды.
Қауіпсіздік көздерінен алған ақпаратқа сәйкес, жарылғыш зат Сомали астанасының Шибис ауданында экс-депутат Хасан Афрахтың көлігінің жолына қойылды.
Алдын ала ақпарат бойынша бес адам қаза тапты, тағы үш адам жараланды, оның ішінде экс-депутат Афрах бар.
Оқиға болған жерге қауіпсіздік күштері жіберілді.
Сомали билігі әлі ешқандай хабарлама жасаған жоқ.
Соңғы аптада Могадишода үш муниципалитеттің басшысына шабуыл жасалды.
«Аш-Шабаб» лаңкестік ұйымы Сомалидегі қауіпсіздік күштері мен азаматтық нысандарға шабуылдарды жиі ұйымдастырады.