НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар. Ресей әскери қызметшілері Тәжікстандағы 201-ші Ресей әскери базасындағы лаңкестік әрекеттерді тойтару бойынша дайындықты сәтті аяқтады. Бұл туралы Орталық әскери округтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан жазады .
Оқу-жаттығуға 600 әскери қызметкер қатысты, олар 20 жауынгерлік техниканы қолданды.
Шартты лаңкестердің шабуылын 201-ші базаның мотоатқыш бөлімдері тойтарғаны белгілі . Бастапқыда олар дабыл белгісін алып, бірден содырлар орналасқан аумаққа шықты.
Әскерилер заңсыз қарулы құрылымдарды оқшаулау мен жоюды бронды техниканың қорғауында жүргізді. Арнайы операция барысында сарбаздар жоғары тұрған штабпен байланысты қалпына келтіру мәселелерін пысықтады.
«Оқу — жаттығу кезінде бөлімшелердің күштері мен құралдары, жеке құрам, қару-жарақ пен жабдықтар, миналардан арылтудың арнайы құралдарын қолдану және жарылғыш заттарды анықтау қабілеті тексерілді», — деп хабарлады Орталық әскери округтің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, сарбаздар барлау, байланыс және бақылау құралдарын сынақтан өткізгенін атап өттілді.
Бұл жолы оқу-жаттығуларды өткізу орны айтарлықтай кең болды. Шартты террористерді жою бойынша арнайы операция Душанбе, Бохтар әскери қалашықтарында, Ляур және Самбули полигондарында жүргізілді.