Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бағдадтағы лаңкестік шабуылдардың орындаушылары Ирак азаматтары болды — Қорғаныс министрлігі

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар. Ирак армиясы 21 қаңтар күні Бағдатта 32 адамның өліміне себеп болған қос жанкешті шабуылды жасаған 2 адамның Ирак азаматы екенін жариялады.Бұл туралы TRT хабарлайды. 

Қарулы Күштер бас қолбасшылығы мәлімдемешісі Яхия Ресул мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында Бағдаттың орталығы Таяран алаңында тауар мен киім сататын және табысы төмен адамдар жиі баратын базарға жасалған шабуылмен байланысты соңғы жаңалықтарды хабарлады.

«Полиция шабуыл туралы жинаған мағлұматтар қылмыскерлердің ирактық екенін көрсетеді» деген Ресул әлеуметтік желіде жанкештілердің бірінің Сауд Арабиясынан екендігі туралы фотосуреттер таратылғанын, бірақ аталмыш кісінің өз еліндегі жанкешті бір шабуылда өзін жарып өлгенін ескертті.

21 қаңтар күні Бағдаттағы базарға жасалған шабуылда 32 адам қаза тауып, 110 адам жарақат алған болатын.

Шабуылды ДАИШ террор ұйымы мойындаған еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *