НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар. Кабул провинциясындағы лаңкестік әрекет салдарынан бір бейбіт тұрғын қаза тапты, деп провинция полициясының өкілі Фердевс Фарамарзға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды.
Фарамарздың айтуынша жарылыс Адех Газни ауданында болған.
Террористер бомба салынған көлікті жарып жіберді.Жарылыс салдарынан бір бейбіт тұрғын қаза болды.
Әзірге ешқандай топ шабуылға жауапкершілікті мойнына алған жоқ.