НҰР-СҰЛТАН,26 қаңтар. Сирияның солтүстігінде оппозицияның бақылауындағы Телль-Абиад ауданында мотоциклге орналастырылған бомба жарылды. Екі бейбіт тұрғын қаза тапты. Екі адам жарақат алды, деп TRT жазады.
Оқиға болған жерде тексеру жүргізген қауіпсіздік күштері шабуылды КЖП ұйымы жасады деп болжап отыр.
Сирияның солтүстігіндегі Телль-Абиад аудан орталығы 2019 жылдың 13 қазан күні «Бейбітшілік бұлағы» операциясы нәтижесінде террорден тазаланған болатын.
Террорлық ұйым өзі басып алып отырған Айн Иса және Телль-Темур аймақтарынан террордан тазаланған өңірлерге шабуыл жасап отырады.