НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар. Ауғанаралық келіссөздерге қатысатын «Талибан» қозғалысының делегациясы Иран тарапының шақыруымен Тегеранға келді, деп Анадолу агенттігі хабарлайды.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саид Хатибзаде «Талибан» саяси кеңесінің басшысы молла Абдулғани Берадер бастаған делегация Иран астанасында бірқатар консультативтік кездесулер өткізетінін айтты.
Басқалармен қатар тәлібтерді Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зариф қабылдайды.
«Күн тәртібіндегі басты тақырыптар Ауғанстандағы бейбітшілік процесі және осыдан туындайтын мәселелер болады», — делінген хабарламада.