Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өскемен тұрғынынан құны 2 млн теңгеден асатын синтетикалық есірткі заттар тәркіленді

ӨСКЕМЕН, 26 қаңтар. Өскемен қаласының тұрғынынан 2 млн теңгенің есірткісі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 21 жастағы әйел адамды ұстады. Ол жеңіл жолмен пайда табу мақсатында психотроптық заттарды сатумен айналысқан. Ақшаны қолма-қол алмай, есірткіні алдын ала келісілген жерге тастап кетіп отырды.

«Күдіктінің пәтерінен жалпы салмағы 200 граммды құрайтын психотроптық заттың бір реттік 650 дозасы тәркіленді. Оның қара нарықтағы құны 2 млн теңгеден асады», — деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3,5 тармақтарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Айта кетейік, осындай қылмыс жасаған адам 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *