НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар. Ауғаныстанның оңтүстігіндегі Урузган қаласында бірінен соң бірі жарылыс болып, салдарынан екі бейбіт тұрғын қаза тауып, он адам жараланды, деп провинция губернаторы әкімшілігінің өкілі Ахмад Шах Сахилге сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, миналанған мотоциклдер Урузган провинциясының әкімшілік орталығының адам көп жүретін көшелерінің бірінде жарылған.
Жарақат алғандардың арасында үш тәртіп сақшысы бар.
Әзірге бірде-бір ұйым бұл шабуыл үшін жауапкершілікке алған жоқ.