НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар. Түркияның қорғаныс министрлігі Сирия-Түркия шекарасын заңсыз өтпек болған «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған ұйым) террористік тобының он екі содырының ұсталғаны туралы хабарлады.Бұл туралы Риа Новости АА хабарлайды.
«Олардың бесеуі Ресейдің, төртеуі Өзбекстанның, ал үшеуі Қырғызстанның азаматтары . Олардың ИМ мүшелері екендігі анықталды», — делінген министрліктің хабарламасында.
Содырлар былтыр 31 желтоқсанда Хатай провинциясының Рейханли қаласының маңындағы бақылау-өткізу бекетінде ұсталған . Олар Түркия-Сирия шекарасынан заңсыз өтпек болған.
Террористінің бірі Интерполдың қызыл циркулярында іздеуде болды.