НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар. Йеменде Худейде провинциясының полиция бастығы генерал Ибрахим Харид Аденде өлтірілді, деп TRT жазады.
Йеменнің ресми ақпарат агенттігіне мәлімдеме жасаған мемлекет басшысы Абдураббу Мансур Хади Харидке көңіл айту жеделхаты жолдады.
Харидтің опасыз террор шабуылында шәйіт болғанын атап көрсеткен Хади бұл қылмысты жасаған террор ұйымының әділеттен қаша алмайтынын атап көрсетті.
Худейде губернаторының орынбасары Велид әл-Кудейми болса Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемеде террор ұйымының Харидті Адендегі үйінің алдынан алып қашқанын білдірген болатын.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарындағы жаңалықтарда азаптау анықталған Харидтің мәйітінің Аденде табылғаны айтылды.