НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясының полициясы жедел-cәлемдеме түрінде жасырылған метамфетаминнің контрабандасын анықтады, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды.
Полицейлер 13 қаңтарда Чжаотун қаласының Чжэньсюн үезінде сәлемдеме алып, стерео жүйеде жасырылған 5,49 кг метамфетаминнің 10 орамасын тәркіледі.
Тәртіп сақшылары Юннань провинциясының астанасы Куньминнен Чжэнсюнге есірткі тасымалдауды жоспарлап жатқан есірткі сатушыларға қатысты хабардан кейін бірден операциясын бастады.
Үш күдікті сол жерде ұсталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.