Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Көкшетау әкімдігін «миналаған» әйел анықталды

КӨКШЕТАУ, 30 қаңтар. Көкшетау қаласы әкімдігінің ғимаратына бомба қойылғаны туралы ақпаратқа байланысты әкімдік қызметкерлері эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қаңтардың 30-да Көкшетау қаласындағы жедел басқару орталығының «102» арнайы желісіне 46 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, қалалық әкімдіктің маңына бомба қойылғанын айтқан.

«Осыған байланысты әкімдікте болған бірқатар қызметкерлер эвакуацияланды. Полиция департаментінің жарылғыш заттармен жұмыс істейтін техник-мамандары әкімдік ғимараты маңынан жарылғыш затты таппады» дейді ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Анықталғандай, жалған хабар берген 46 жастағы әйел 2018 жылдан бері «босанғаннан кейін мінез-құлқының бұзылуы» диагнозымен психиатр дәрігердің есебінде тұрған.

«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 273 бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды» деп толықтырды Гүлнәр Пинчук.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *