НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар. Ресей ФҚҚ-ның Магадан облысы бойынша басқармасы интернетте террористік шабуылдар жасауға жария түрде шақырған материалдарды жариялаған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды .
«Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.2-бабының 2 бөлігінде («Террористік әрекетке жария түрде шақыру, терроризмді жария түрде ақтау немесе терроризмді насихаттау») көрсетілген қылмыс белгілері бойынша аймақ тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады басқарма баспасөз қызметі.
ФҚҚ мәліметінше, интернетте жарияланған материалдар Магадан облысының мемлекеттік қызметкерлері мен тәртіп сақшыларына қарсы террористік актілер жасауға шақырады.