НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар.ФҚҚ қызметкерлері Қырымда Севастополь қаласының екі тұрғынын терроризмді жария түрде ақтады деген күдікпен ұстады. Бұл туралы республика бойынша ФҚҚБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.
«Ресейдің Қырым Республикасы және Севастополь қаласы бойынша ФҚҚБ терроризмді «интернетте» жария түрде ақтады деген күдікпен Севастополь мен Ялта қалаларының екі тұрғыны ұсталды», — делінген хабарламада.
1980 және 1977 жылдары туған ер адамдар ойдан шығарылған есімдерді қолданып, әлеуметтік желілерге террористік әрекеттерді ақтайтын материалдар орналастырғаны белгілі болды.
«Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілді, оның барысында тыйым салынған материалдар жарияланған телефондар мен ноутбуктар, сондай-ақ экстремистік әдебиеттер тәркіленді», — деп толықтырды баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, мекеменің баспасөз қызметі ФҚҚБ тергеу бөлімі ер азаматтарға қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.2 бабы 2-бөлім («Интернет» желісін қолданып террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға жария түрде шақыру, терроризмді жария түрде ақтау немесе терроризмді насихаттау) бойынша қылмыстық істер қозғағанын атап өтті.
Қазіргі уақытта олардың басқа экстремистік сипаттағы қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.