НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар. Францияда Исламға қарсы шабуылдар 2020 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 53 пайызға өсті.Бұл туралы Франция Исламофобия бақылау орталығының басшысы Абдулла Зекри мәлімдемесіне сілтеме жасап TRT хабарлайды.
Француз Ислам Кеңесіне қарасты Франция Исламофобия бақалау орталығы басшысы Абдулла Зекри мәлімдемесінде елде шабуылдардың көбінесе Рона-Альпі провинциясы, Паджа, Париж және Иле-де-Франс аймақтарында болғанын мәлімдеді.
Былтыр мұсылмандарға қарсы 235 шабуыл тіркелгенін атап өткен Зекри бұл санның алдыңғы жылмен салыстырғанда 154 шабуылға, яғни 53 пайызға көбейгенін баса айтты.
Зекри 2020 жылы мешіттерге бағытталған шабуылдардың 35 пайызға артқанын мәлімдеді.
Өткен жылы Француз Ислам Кеңесі орталығы немесе басшылардың үйлеріне 70 қорқыту хаты жіберілгенін атап көрсеткен Зекри әлеуметтік желіде Ислам мен мұсылмандар туралы өтіріктер мен мұсылмандарға бағытталған өшпенділікті ынталандырушы э-пошталардың таралуының алаңдатқанын білдірді.
Ислам мен терроризм арасында ешқандай байланыс жоқтығына назар аударған Зекри Францияда тұратын мұсылмандардың өз діндерін басқа діндер сияқты ұстануы керек екендігіне назар аударды.