Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сомали астанасындағы террорлық шабуыл үшін «Аш-Шабаб» тобы жауапкершілікті өз мойнына алды

НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан.  Сомали астанасы Могадишода жанкешті-лаңкес жарылғыш зат тиелген көлікті жарып жіберді, салдарынан, кем дегенде бес адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды, деп ел полициясына сілтеме жасап Синьхуа хабарлайды.

Оқиға 31 қаңтарда шамамен 17.00-де болған, Могадишодағы Аден Адде халықаралық әуежайына жақын орналасқан бақылау-өткізу пунктінің жанындағы Afrik Hotel қонақ үйінің жанында бомба салынған көлік жарылды .

«Аш-Шабаб» тобының содырлары жарылыстан кейін қонақ үй ғимаратына баса көктеп кірді, — деп   атын атамауды өтінген полиция қызметкері хабарлады.

Полиция қызметкері шабуылдан бес адам қаза тапқанын растады.

Халықаралық қауымдастық қолдаған үкіметті құлату үшін күресіп жатқан «Аш-Шабаб» тобы бұл шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Содырлар олардың мақсаты осы ғимаратта жиналыс өткізген мемлекеттік қызметкерлер екенін атап өтті.

Afrik Hotel — бұл мемлекеттік қызметкерлер жиі келетін танымал қонақ үй. Ол Могадишо әуежайына жақын жерде орналасқан.

Шабуылдың куәгерлері өз кезегінде ғимарат ішінде қару-жарақтың даусын естігендерін хабарлады.

«Біз Afrik Hotel қонақ үйінің ішінен қару-жарақ дауысын естідік, оқиға орнына қаруланған үкімет әскерлері келді», — деді Али Абди есімді куәгер.

Сомалиде 8 ақпан күні  президенттік сайлау өтуі керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *