Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҚОСТАНАЙ, 01 ақпан. Қостанай облысы полиция департаменті қызметкерінің электронды поштасына автовокзалға қойылған «бомба» туралы хабарлама түсті. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте облыстық полиция департаментін экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Сембин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2021 жылғы 1 ақпан күні​ полиция департаменті қызметкерінің электрондық поштасына автовокзал аумағына жарылғыш заттың қойылғаны, террорлық акт туралы хабарлама келіп түсті. Автовокзал ғимаратынан 40 адам эвакуацияланды. Ғимарат арнайы мамандардың күшімен тексерілді, ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ», — деді Ерлан Сембин.

Еске салайық, осыған ұқсас хабарлама полиция департаментіне бірнеше рет түскен.​

Қазір деректер бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ерлан Сембин айтқандай, жалған ақпаратты бір адам таратып отыруы мүмкін.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *