Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтөбедегі ІІМ Заң институтынан жарылыс қаупіне байланысты 500 жуық адам эвакуацияланды

АҚТӨБЕ, 03 ақпан. Ақтөбеде институт ғимаратына қойылған жарылғыш зат туралы хабарлама жалған болып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін М.Бөкенбаев атындағы ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтының электронды мекенжайына институт ғимаратына жарылғыш заттар салынғаны және РФ банктерінің бірінің картасына 1,3 млн. рубль аудару талабы туралы хабарлама келіп түсті.

Барлық шұғыл қызметтер дереу оқиға орнына шықты, оқушыларды, оқытушылар мен ерікті жалданушы құрамды эвакуациялау ұйымдастырылды. Барлығы 474 адам эвакуацияланды.

Арнайы бөлімше саперлері жарылыс құрылғыларын анықтау үшін барлық ғимаратқа тексеру жүргізді. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Полиция департаменті күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *