Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістан облысында жылдың алғашқы айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 16 жайт анықталды

ТҮРКІСТАН, 04 ақпан. Түркістан облысында жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 16 жайт анықталған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен 2021 жылдың қаңтар айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 16 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде: есірткі сату – тоғыз, аса ірі көлемде есірткі сақтау – екі, есірткі контрабандасы – төрт, есірткі өсімдігін заңсыз егіп-өсіру бір жайт. Заңсыз айналымнан 10 келіден аса есірткі заты тәркіленді.

Мәселен, 29 қаңтарда Түркістан облысы ПД ЕҚҚІҚБ-ның қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде, есірткі затын сатты деген күдікпен Сайрам ауданының тұрғыны ұсталды. Тінту кезінде оның асханасындағы сөреден бір дана полиэтилен пакетке оралған есірткі затына ұқсас зат тәркіленіп алынды.

Қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың салмағы 400 грамға жуық “марихуана” екені анықталды. Ұсталғанның бас шарасы қамауда. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабымен тіркеліп, тергеу амалдары жалғасуда.

Одан бөлек, полицейлер мен Шекара қызметінің қызметкерлері бірлесіп, “Марика” есімді қызметтік итті пайдалану арқылы есірткі затын тасымалдап жатыр деген күдікпен Алматы облысының тұрғынын ұстады. Ол Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына қарай “Жібек жолы” шекара бекетінен өтпекші болған. Тексеру барысында оның қол сөмкесінен полиэтилен пакетке оралған салмағы бір грамға жуық есірткі заты марихуана тәркіленіп алынды. Ал, “Линда” атты қызметтік иттің белгі беруінің нәтижесінде, “Жібек жолы” шекара бекетінен өткен Шымкент қаласының тұрғыны есірткі затын тасымалдап жатыр деген күдікпен ұсталды.

Тексеру барысында оның шалбарының қалтасынан бір дана пакетке оралған 240 грамнан астам есірткі заты “марихуана” тәркіленіп алынды.

Дәл осындай жайт Келес ауданында да тіркелді. Бұл жолы Өзбекстан Республикасының тұрғыны өзінің басқаруындағы жүк көлігімен есірткі затын тасымалдап жатыр деген күдікпен тоқтатылып, тексеру барысында күртешесінің сол қалтасынан полиэтилен пакетке оралған “марихуана” тәркіленіп алынды. Бас шарасы қамауда. Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 286-бабымен тіркеліп, бүгінде тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондықтан Түркістан облысының полицейлері, есірткімен байланысты қылмыс жасағандарға, заңмен қатаң жазаға тарту көзделгенін, оның ішінде есірткі сату қылмыстары үшін 10 жылдан 15 жылға, есірткі заттарын сақтағаны үшін бес жылдан 10 жылға дейінгі аралықта қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сондай-ақ есірткі затын қолдану адам денсаулығына өте зиян екенін естен шығармаңыз. Бұл теріс әрекет болашағыңызға балта шабатынын ұмытпаңыз. Есірткімен күрес – болашаққа үлес!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *