Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жыл басынан бері елордада көрінеу жалған терроризм актісі туралы хабарлаған 10 адам ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 06 ақпан. Нұр-Сұлтанда жыл басынан бастап көрінеу жалған терроризм актісі туралы хабарлаған 10 адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық полицейлер жарылғыш қондырғылар қойылғаны туралы көрінеу жалған хабарламаларға ерекше назар аударады. Себебі аталған қылмыс түрі қоғамдық резонанс тудырып, бұған мемлекеттік құрылымдардың көптеген күштері мен құралдары тартылады. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау ҚР ҚК-нің 273-бабына сәйкес, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Жарылғыш қондырғы қойылғаны туралы хабарланған жағдайда шұғыл әрекет ету қызметтерінің тез арада шығуы және полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізуі қамтамасыз етіледі.

Мұндай хабарламалар көбінесе жалған ақпараттан тұрады және аталған қылмысты ересектер алкогольдік масаң күйде немесе кәмелетке толмағандар  бұзақылық ниетпен жасауы мүмкін.

Бірақ мекеменің қалыпты жұмыс тәртібін бұзғысы келіп, қасақана әрекет ететін “телефон террористері” де бар. Ойланбай жасаған әрекеттің салдары материалдық шығынды қайтару мен қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соғады.

Полиция департаментінде жыл басынан бері терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаудың 10 фактісі тіркелген. Аталған қылмысты жасағаны үшін барлық кінәлі тұлғалар анықталып, қамауға алынды. Олар келтірілген шығынды қайтарумен қатар ұзақ уақытқа бас бостандығынан айырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *