НҰР-СҰЛТАН, 08 ақпан. Бадгис провинциясындағы шабуылда 5 полиция қызметкері қаза тапты, деп TRT хабарлайды.
Ауғанстанның Багдис провинциясындағы полиция учаскесіне Талибан содырлары жасаған қарулы шабуылда 5 полиция қаза тапты.
Багдис провинциясы кеңесінің депутаты Мұхаммед Насыр Назари содырлардың Багдиске қарасты Аб Кемери ауданындағы полиция бөліміне қарулы шабуыл жасағанын атап көрсетті.
Шабуылда 5 полиция қызметкерінің қаза тапқанын атап көрсеткен Назари 3 полиция қызметкерінің де жараланғанын мәлімдеді.
Назари аймаққа қосымша қолдаудың келуімен содырларға тойтарыс берілгенін түсіндірді.
Талибан бұл мәселе бойынша әлі ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Екінші жағынан содырлардың азанда Гор провинциясындағы полиция бөліміне жасаған қарулы шабуылында екі қауіпсіздік қызметкері қаза тапқан еді.