НҰР-СҰЛТАН, 09 ақпан. Дағыстанның Дербент аудандық соты жасырын террористік топтың екі мүшесін қамауға алды, олар 5 ақпанда ұсталды. Бұл туралы республиканың қауіпсіздік күштеріндегі дереккөзге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«Күдіктілер тергеудің өтініші бойынша екі айға қамауға алынды», — деді ақпарат көзі.
Бұған дейін Дағыстан бойынша ФҚҚбасқпрмасының баспасөз қызметі екі адамнан тұратын жасырын террористік топтың қызметін тоқтату туралы хабарлады. Аталған адамдар қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, атыс қаруы мен оқ-дәрілері жасырын орнынан алып жатқан кезде ұсталды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұяшық мүшелері бірқатар террористік қылмыстар, оның ішінде тәртіп сақшылары мен бейбіт тұрғындардың өміріне қастандық жасауды жоспарлаған.
ТАСС-та бұл ақпараттың әлі ресми растауы жоқ.