Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

СҚО-да жыл басынан бері дін туралы заңды бұзуға қатысты 6 дерек анықталды

ПЕТРОПАВЛ, 09 ақпан. Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан дін саласындағы заңнаманы бұзуға қатысты 6 дерек тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, интернетке мониторинг жүргізу кезінде тәртіп сақшылары «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде заң бұзушылықты анықтады. Қолданушы жеке парақшасында діни мазмұндағы фото мен аудиожазбаларды орналастырған.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу» бойынша өндіріс қозғады. Файлдар дінтану зерттеуіне жіберілді. Егер аталған материалдар сараптамамен діни деп танылса, ер адамға 50 АЕК (1 АЕК – 2 917) мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.

Петропавл тұрғыны интернетте хабарландыру бойынша діни кітапты сатпақшы болған.

«Қазақстандағы діни қызмет заңнамамен реттеледі. Ғибадат үйлерінде, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен белгіленген арнайы үй-жайларда діни әдебиетті, діни мазмұндағы басқа да материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға рұқсат етілген. Басқа жерлерде сатқан жағдайда заң бұзушылық болып саналады», — дейді Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бөлімінің бастығы Марат Халимулин.

СҚО аумағында діни әдебиетті ғибадат үйлерінен бөлек, 15 сауда орнында сатуға рұқсат берілген. Сауда орындары облыс әкімдігінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы қаулысымен бекітілді.

Жыл басынан СҚО полицейлері дін саласындағы заңнаманы бұзуға қатысты 6 деректі анықтады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *