НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан. Нигерия «Боко Харам» террористтерімен күресу үшін көрші Камеруннан әскери қолдау алды, деп Нигерия Қарулы күштері Бас штабының басшысы Ибрагим Аттахируге сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды.
Аймақтағы террористік қылмыстарды тоқтату үшін бірлескен стратегия әзірленді, деп Нигерия Қарулы Күштері Бас штабының басшысы Ибрагим Аттахиру ұзақ жылдар бойы содырлар жұмыс істеп келген Борно штатына сапары кезінде мәлімдеді.
Оның айтуынша, Камерун әскерилері елдің солтүстік-шығысын «Боко Харам» террористтерінен тазарту операцияларына қатысады.
«Аймақтағы террористік актілерді тоқтату үшін бірлескен стратегия жасалды. Қазіргі уақытта біз Камерунның қауіпсіздік күштерімен бірге әрекет істеп жатырмыз», — деді Аттахиру.
«Боко Харам» Нигерия, Камерун, Чад және Нигерде 2000-шы жылдардың басынан бастап әрекет етеді. 2009 жылдан бастап 20 мыңнан астам адам осы қылмыстық ұйымның құрбаны болды.
Чад көлі аймағында кем дегенде екі мың адам террористердің құрбаны болды.