НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан.Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гельменд провинциясының бірнеше бөлігінде «Талибан*» қозғалысының баспаеналары мен бекіністеріне жасалған әуе шабуылдары кезінде кем дегенде 27 содыр өлтірілді. Бұл туралы бейсенбі күні жарияланған әскери күштердің мәлімдемесіне сілтеме жасап Синьхуа жаңалықтар агенттігі хабарлады .
Құжатта әуе шабуылдарының сәрсенбі күні Нава, Нахри-Сарадж және Гармсир аймақтарында жасалғандығы атап өтілген. 27 қарулы содыр, оның ішінде Ханзала мен Баракат топтарының екі командирі өлтірілді, тағы үшеуі жараланды.
* ҚР-да тыйым салынған ұйым