НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан. Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз провинциясында болған шабуыл екі баланың өмірін қиды, деп Анадолу агенттігі жазады.
Ауғанстан ұлттық армиясының «Памир» корпусының 217-ші қолбасшылығы хабарлағандай, лаңкестер жарылғыш затты Имам Сахиб ауданы, Котурбұлақ ауылының маңында жолдың шетіне қойған.
Бомба балалар ойын алаңының жанында жарылды.
Әзірге ешқандай топ шабуылға жауапкершілікті мойнына алған жоқ.
Жергілікті билік шабуыл артында «Талибан» қозғалысы тұр деп санайды.
13 ақпан күні таңертең Кандагар провинциясында жарылыс болып, 12 полиция қызметкері қаза тапты.